Елена Рыбакинаның «Ролан Гаррос» - 2026 турниріндегі алғашқы қарсыласы белгілі болды

Фото: Bradley Kanaris/Getty Images
Әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатындағы алғашқы қарсыласын білді.
Топырақ төсенішіндегі «Үлкен дулыға» турнирінде әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы кездесуін әлем рейтиңінде 85-орында тұрған словениялық теннисші Вероника Эрьявецке қарсы өткізеді.
Қазақстанның тағы бір өкілі Юлия Путинцева алғашқы айналымда WTA рейтиңінің 55-сатысындағы аустралиялық Талия Гибсонмен кездеседі.
2026 жылы «Ролан Гаррос» турнирі өзінің 125 жылдығын атап өтеді (бұл «Үлкен дулыға» аясындағы 96-шы турнирі болмақ).
Турнирдің негізгі кезеңі 24 мамыр мен 7 маусым аралығында өтеді, ал іріктеу матчтары 18-22 мамырға жоспарланған. Кездесулер Париждегі «Ролан Гаррос» стадионында өтеді.
Турнирдің жүлде қоры 61,7 миллион еуроны құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,5 пайызға көп.