«Ең бастысы – доп беру»: Бублик Кицбюэльдегі ATP турнирінің жартылай финалына шыққаннан кейін пікір білдірді

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы, ATP рейтингінде 11-орында тұрған Александр Бублик Австрияның Кицбюэль қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің жартылай финалына шыққаннан кейін өз эмоциясымен бөлісті.

Ширек финалдық кездесуде қазақстандық теннисші словакиялық Алекс Молчанды (әлемдік рейтингте 81-орын) сенімді түрде жеңді. Матч 1 сағат 9 минутқа созылып, Бубликтің екі сеттегі жеңісімен аяқталды – 6:3, 6:2.

Кездесуден кейін теннисші өзінің Telegram арнасында қысқа әрі есте қаларлық жазба жариялады:

«Балалар, есте болсын, ең бастысы – доп беру».

Енді Бублик турнир финалына шығу үшін күреседі. Жартылай финалда оның қарсыласы ATP рейтингінде 31-орында тұрған аргентиналық Томас Мартин Этчеверри болады.

Айта кетейік, Кицбюэльдегі турнир 25 шілдеде аяқталады. Қазақстандық теннисші шешуші кезеңдерге жарыстың қазіргі чемпионы мәртебесінде жетіп отыр. Екінші жартылай финалда финал жолдамасы үшін германиялық Янник Ханфман мен франциялық Кентен Алис таласады.

«Ең бастысы – доп беру»: Бублик Кицбюэльдегі ATP турнирінің жартылай финалына шыққаннан кейін пікір білдірді – sport-hub