Энцо Фернандес жеңіс голынан кейінгі әсерімен бөлісті

Бегасыл Амирбай ··
Фото: AFA

Фото: AFA

Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Энцо Фернандес 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Мысырды 3:2 есебімен жеңгеннен кейін өз әсерімен бөлісті.

Жеңіс голын дәл Фернандес соғып, 90+3-минутта командасына ширек финал жолдамасын сыйлады.

«Мен бұл голды шамамен үш жыл күттім. Бұл арманым Катардағы әлем чемпионатынан бері менімен бірге келе жатыр. Осындай сәтті бастан өткеру – үлкен нығмет. Сол үшін Құдайға шүкіршілік етемін.

Ең алдымен командаластарыма алғыс айтқым келеді. Бізде ешқашан берілмейтін, кез келген қиындыққа бірге қарсы тұратын тамаша ұжым қалыптасқан. Біз әрдайым бір-бірімізді қолдаймыз.

Командаластарыма, бапкерлер штабына, бізді осында қолдаған жанкүйерлерге және Аргентинадағы барша жанкүйерге алғыс айтамын. Біз тағы бір қадам алға жылжыдық», – деді Фернандес.

Енді Аргентина құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында Швейцариямен кездеседі. Швейцариялықтар 1/8 финалда Колумбияны негізгі және қосымша уақытта 0:0 есебімен тең түскеннен кейін, пенальти сериясында 4:3 есебімен жеңген болатын.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің финалы 19 шілдеде өтеді.