Месси Аргентинаның камбэгі туралы пікір білдірді

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Аргентина құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Мысырды 3:2 есебімен жеңіп, турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Әлем чемпиондары матч барысында екі доп айырмасымен жеңіліп жатқанымен, кездесудің соңында ойын тағдырын өзгертіп, керемет камбэк жасады.

Алғашқы тайм Аргентина үшін сәтсіз өтті. Команда екі гол жіберіп қана қоймай, капитан Лионель Месси пенальтиден де мүлт кетті.

Үзілістен кейін аргентиналықтар шабуылдағы қарқынын күшейтті. Месси бір гол соғып, бір нәтижелі пас беріп, командасының тарихи жеңісіне зор үлес қосты.

Матч аяқталған соң Аргентина капитаны эмоциясын жасыра алмады.

«Эмоцияны сөзбен жеткізу қиын. Бұл өте ауыр матч болды. Әлем чемпионатында оңай ойын болмайды. Біз тағы да үлкен сынақтан өттік. Жарысты жалғастырып жатқанымызға өте қуаныштымыз. Бұл команда ешқашан берілмейді және соңғы минутқа дейін күреседі. Бүгін болған оқиға – нағыз ессіздік», – деді Месси.

Енді Аргентина құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында Швейцариямен кездеседі.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің финалы 19 шілдеде өтеді.

Месси Аргентинаның камбэгі туралы пікір білдірді – sport-hub