Скалони тарихи жеңістен кейін көзіне жас алды

Фото: Getty Images
Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Мысырды 3:2 есебімен жеңгеннен кейін эмоциясына ерік берді.
Кездесу барысында әлем чемпиондары 79-минутқа дейін 0:2 есебімен жеңіліп жатқан. Алайда ойын соңында аргентиналықтар есепті теңестіріп, жеңіс голын соғып, ширек финалға жолдама алды.
Матч аяқталған соң 48 жастағы маман міндетті флеш-сұхбатқа келгенімен, толқынысын жасыра алмады. Көзіне жас алған Скалони журналистермен әңгімесін аяқтауға мәжбүр болды.
«Кешіріңіздер, мен сіздерге қарай алмаймын. Қатты толқып тұрмын. Қандай команда! Бауырларым, мен кетуім керек. Қазір сөйлей алмаймын», – деді Скалони.
Айта кетейік, матчтың үздік ойыншысы болып бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген Аргентина капитаны Лионель Месси танылды.
Енді Аргентина құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында Швейцариямен кездеседі.