Басты бет
·
Теннис

Эррани мен Паолини WTA қорытынды турнирінің финалына жеңіліссіз жетті

Дина Хамзина··
Фото: WTA

Фото: WTA

Италиялық теннисшілер Сара Эррани мен Жасмин Паолини АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінің жұптық сынындағы финалға жолдама алды.

Жартылай финалда италиялық жұп қытайлық Го Ханьюй мен франциялық Кристина Младеновичті 6:3, 6:4 есебімен жеңді.

Бір сағат 15 минутқа созылған кездесуде Эррани мен Паолини екі эйс жасап, екі рет қос қателік жіберді. Сондай-ақ сегіз брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Италиялық теннисшілер алғашқы допты ойынға қосу кезінде 77 пайыздық дәлдік көрсетіп, осы мүмкіндіктердің 67 пайызында ұпай алды.

Турнирде сегізінші нөмірмен тіркелген Эррани мен Паолини қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін олар топтық кезеңдегі үш кездесудің барлығында жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, италиялық жұп WTA қорытынды турниріне қатысу құқығын алған сегіз команданың ең соңғысы болды. Соған қарамастан, олар биыл алғаш рет финалға шығып отыр. Бұған дейінгі екі қатысуында Эррани мен Паолини топтық кезеңнен аса алмаған еді.

Финалда италиялықтар америкалық Тэйлор Таунсенд пен чехиялық Катержина Синяковамен кездеседі.

Қос жұп топтық кезеңде өзара ойнап үлгерген. Ол кездесуде Эррани мен Паолини 4:6, 6:1, 10:8 есебімен басым түскен.

Ал Таунсенд пен Синякова жартылай финалда турнирдің бірінші нөмірлі жұбы – канадалық Габриэла Дабровски мен бразилиялық Луиза Стефаниді 7:6 (7:4), 6:3 есебімен жеңді.