«Ертіс» Қазақстан чемпионын жеңіп, маусымды жеңіспен аяқтады

«Ертіс» ФК
Павлодарлық «Ертіс» Қазақстан Премьер-лигасының 30-туры аясында мерзімінен бұрын чемпион атанған шымкенттік «Ордабасыны» 2:0 есебімен жеңді.
Павлодарда өткен кездесудің алғашқы голы 11-минутта соғылды. Руслан Юденков алаң иелерін алға шығарды.
Екінші таймда «Ордабасының» жағдайы қиындай түсті. 55-минутта Тидиан Кейта қызыл қағаз алып, командасын азшылықта қалдырды.
«Ертіс» ойынның 81-минутында басымдығын еселей түсті. Руслан Юденков дубль авторы атанып, матчтың қорытынды есебін белгіледі – 2:0.
Осылайша, павлодарлық клуб чемпионатты қатарынан екі жеңіспен аяқтады. Бұған дейін 29-турда сырт алаңда «Атырауды» 3:2 есебімен жеңген еді.
Ал «Ордабасы» бұл жеңіліске қарамастан, турнир кестесіндегі орнын сақтап қалды. Шымкенттік команда бір тур бұрын «Жеңіспен» тең түсіп (1:1), алматылық «Қайраттың» «Ақтөбемен» ойындағы тең нәтижесінен (2:2) кейін чемпиондық атақты мерзімінен бұрын қамтамасыз еткен болатын.
Айта кетейік, «Ордабасы» Қазақстан чемпионы атанып, тарихында екінші рет алтын медаль жеңіп алды. Бұған дейін шымкенттік клуб 2023 жылы топ жарған еді. Енді команда 2027 жылғы маусымда Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде ел намысын қорғайды.
Қазақстан Премьер-лигасы. 30-тур. 31 қазан
«Ертіс» – «Ордабасы» – 2:0 (1:0)
Голдар: Юденков, 11, 81.
Қызыл қағаз: Кейта («Ордабасы»), 55-минут.