Басты бет
·
Футбол

«Қайсар» ҚПЛ-ден ұшып кетті

Дина Хамзина··
«Қайсар» ФК

«Қайсар» ФК

Қызылордалық «Қайсар» Қазақстан Премьер-лигасының 30-туры аясында елордалық «Жеңіске» 0:2 есебімен жеңіліп, жоғары дивизиондағы орнынан айырылды.

31 қазанда Астанадағы «Астана Арена» стадионында өткен кездесуде алаң иелері есепті екінші минутта ашты. Бұрыштамадан кейін Зураб Тевзадзе гол соғып, «Жеңісті» алға шығарды.

31-минутта Исламбек Қуат алыстан дәл соққы жасап, елордалық команданың басымдығын еселей түсті. Осылайша, командалар үзіліске 2:0 есебімен кетті.

Екінші таймда «Қайсар» ойын барысын өзгертуге тырысты. 52-минутта Әлияр Мұхамед айып алаңының сыртынан дәл соққы жасап, қызылордалықтардың есеп айырмасын қысқартты.

Алайда қонақтар таразы басын теңестіре алмады. Кездесу «Жеңістің» 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Осылайша, елордалық клуб маусымды 36 ұпаймен аяқтап, турнир кестесінде сегізінші орынға жайғасты. Ал «Қайсар» 25 ұпай жинап, чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан Премьер-лигасынан шығып қалды.

Қазақстан Премьер-лигасы. 30-тур. 31 қазан

«Жеңіс» – «Қайсар» – 2:1 (2:0).

Голдар: Тевзадзе, 2 (1:0), Қуат, 31 (2:0), Мұхамед, 52 (2:1).

«Қайсар» ҚПЛ-ден ұшып кетті – sport-hub