«Ертіс» «Қызылжардың» бұрынғы қорғаушысын таныстырды

Аружан Талгат··
Фото: Дамият Сламбеков

Фото: Дамият Сламбеков

«Ертіс» клубы құрамын тағы бір жаңа ойыншымен толықтырғанын ресми түрде жариялады. Павлодарлық командаға 29 жастағы қорғаушы Дәмият Сламбеков қосылды.

29 жастағы футболшы петропавлдық «Қызылжардан» кеткеннен кейін мансабын Павлодарда жалғастырады. Келісімшарттың нақты шарттары жарияланған жоқ.

Сламбеков алматылық «Цесна» мектебінің түлегі, сондай-ақ «Оле Бразил» академиясында тәлім алған. Кәсіби деңгейде 2015 жылы елордалық «Бәйтерек» сапында дебют жасады. Әр жылдары «Оқжетпес», «Жетісу», «Ақтөбе», «Қайсар», «Ұлытау» клубтарында ойнаған. Сонымен қатар Литва чемпионатында «Стумбрас» пен «Хегельманн» сапында өнер көрсетті.

Оның соңғы клубы «Қызылжар» болды. Биылғы маусымда қорғаушы 14 матчқа қатысып, бір гол соқты.