«Қызылжар» Албания құрамасының экс-ойыншысы Латифимен келісімшарт жасасты
Бөлісу

Фото: «Қызылжар» ФК
Петропавлдың «Қызылжар» клубы албаниялық вингер Лиридон Латифимен келісімшартқа отырғанын ресми түрде хабарлады.
Футболшымен жасалған келісім бір жарым жылға есептелген.
Әр жылдары вингер Албанияның «Тирана», «Влазния», «Скендербеу», «Кукеси» және «Флямуртари» клубтарында, Венгрияның «Академия Пушкаш», Молдованың «Шериф» және Косовоның «Приштина» командаларында өнер көрсеткен.
32 жастағы ойыншының соңғы клубы Солтүстік Македонияның «Шкендия» командасы болды. Өткен маусымда Латифи барлық турнирлерде 51 матч өткізіп, 11 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген. Сонымен қатар, ол Албания ұлттық құрамасы сапында бес ойын өткізген.
Айта кетейік, Премьер-лигада 16 турдан кейін «Қызылжар» 15 ұпаймен турнир кестесінде 12-орында тұр.