«Эвертон» «Ньюкаслды» Англия лигасы кубогынан шығарып жіберді

«Эвертон» ФК
«Эвертон» Англия лигасы кубогының 2026/27 жылғы маусымындағы төртінші кезеңде «Ньюкаслды» 3:1 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.
Ливерпуль (Англия). Англия лигасы кубогы. 1/8 финал
«Эвертон» – «Ньюкасл» – 3:1
Голдар: Джеймс Гарнер 34, Хейден Хакни 45, Тьерно Барри 69 – Дэн Берн 88.
Алаң иелері бірінші таймда-ақ екі гол соғып, басымдыққа ие болды. 34-минутта Хейден Хакнидің пасынан кейін Джеймс Гарнер есеп ашты. Ал үзіліс алдында Хакнидің өзі Тьерно Барридің нәтижелі пасын голға айналдырып, есепті еселеді.
Екінші таймда «Ньюкаслдың» бас бапкері Маттиас Яйссле бірден үш ойыншыны алаңға шығарғанымен, бұл кездесудің барысын өзгерте алмады. 69-минутта Кирнан Дьюсбери-Холлдың пасынан кейін Тьерно Барри «Эвертонның» үшінші голын соқты. Қонақтар тек 88-минутта ғана жауап қайтарды. Бұл голды қорғаушы Дэн Берн баспен соқты.
Осылайша «Эвертон» 2024/25 жылғы Англия лигасы кубогының иегерін жарыстан шығарды. Дэвид Мойес бастаған команда ширек финалда Англияның төртінші дивизионында өнер көрсететін «Флитвуд Таунмен» кездеседі. Айта кетейік, «Флитвуд» бұған дейін лондондық «Арсеналды» негізгі уақытта 1:1 есебімен тең түсіп, пенальти сериясында жеңген болатын.
Жартылай финалға шығу үшін қалған жұптарда «Ливерпуль» – «Борнмут», «Манчестер Сити» – «Брэдфорд Сити» және «Кристал Пэлас» – «Сандерленд» кездеседі.