Фьюри мен Ибрагимович Ирландияда жекпе-жек өткізбек
Бөлісу

Фото: спортшының жеке мұрағатынан
Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақта әлемнің экс-чемпионы Тайсон Фьюри мен Швеция құрамасының бұрыңғы футболшысы Златан Ибрагимович алдағы жекпе-жектері туралы жариялады.
Спортшылар Instagram желісінде бейресми көз арбасу рәсімінен бірлескен жазба жариялады. Жарияланған бейне-материал сипаттамасында оқиғаның өтетін күні мен орны «1-тамыз, Дублин» деп көрсетілген.
Өткен айда Тайсон Фьюри мансабын аяқтағаны туралы хабарлағаннан кейін рингке қайта оралып, Арсланбек Махмудовты төрешілердің біріңғай шешімімен жеңген еді.
Златан Ибрагимович футболдағы мансабын 2023 жылы тәмамдады. Швециялық шабуылшы «Аякс», «Ювентус», «Интер», «Барселона», «Милан» және ПСЖ клубтарының сапында өнер көрсетті.