Қазақстандық файтер UFC BJJ-дегі дебюттік жекпе-жегін тең аяқтады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: UFC

Фото: UFC

Қазақстандық жауынгер Азамат Бақытов Лас-Вегаста өткен UFC BJJ 8 турнирінде лигадағы алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Орта салмақтағы белдесуде қазақстандық спортшының қарсыласы аустралиялық Томас Дэвид болды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер тең нәтиже тіркеді.

Бұл кездесу екі спортшы үшін де сабмишн-грэпплинг жарыстарына маманданған UFC-дің жаңа жобасындағы дебюті болды. Лига UFC ұйымының еншілес промоушені ретінде 2025 жылдың жазында жұмысын бастаған еді.

Азамат Бақытов ұйыммен келісімшарт жасасқан ТМД елдерінің ішіндегі алғашқы спортшы атанды. Кәсіпқой MMA-де жеңіліп көрмеген қазақ жауынгерінің рекорды — 9 жеңістен тұрады. Сондай-ақ ол Nomad Wrestling турнирінің екі дүркін жеңімпазы болып табылады.