Бірімбай таеквондодан Азия чемпионатын сәтті бастады
Бөлісу

Фото: СДР
Қазақстан құрамасының таеквондошысы Эльдар Бірімбай Ұлан-Батырда өтіп жатқан Азия чемпионатындағы жарыс жолын сәтті бастады.
74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 1/32 финал жекпе-жегінде қазақстандық спортшы Үндістан өкілі Рахул Синханы 2:0 есебімен жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне өтті.
Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының еншісінде бір медаль бар. Осыған дейін, 54 келіге дейінгі салмақта Еркебұлан Еңсегенов турнирдің қола жүлдегері атанған еді.
Таеквондодан Азия чемпионаты мамырдың 19 мен 25-і аралығында Моңғолия астанасы Ұлан-Батырдағы M Bank Arena кешенінде өтіп жатыр.