Қазақстандық таеквондошылар Азия чемпионатының жүлдесіне бір қадам жетпей тоқтады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Қазақсан Таеквондо Федерациясы

Фото: Қазақсан Таеквондо Федерациясы

Қазақстандық спортшылар Бейбарыс Қабылан мен Айдана Құмартаева Ұлан-Батырда өтіп жатқан таеквондодан Азия чемпионатындағы өнерлерін ширек финал кезеңінде аяқтады.

87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионы Бейбарыс Қабылан қытайлық Тан Хаодан жеңіліс тапты. Жекпе-жектің тағдыры кездесудің соңғы секундтарында шешілді.

Одан кейін даянгқа жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Айдана Құмартаева шықты. 46 келіге дейінгі салмақта қазақстандық спортшы Оңтүстік Корея өкілі Ли Юминге есе жіберді.

Моңғолиядағы Азия чемпионаты G4 санатына жатады. Турнирде 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктейтін рейтингтік ұпайлар сарапқа салынып жатыр.