Қазақстандық таеквондошы Бейбарыс Қабылан Азия чемпионатының ширек финалына шықты

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ҚР ҰОК

Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық таеквондошы Бейбарыс Қабылан Ұлан-Батырда өтіп жатқан Азия чемпионатын сәтті бастап, турнирдің ширек финалына жолдама алды.

87 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда қазақстандық спортшы өзбекстандық Худойназар Шодмоновты жеңді.

Алдыңғы Азия чемпионаты 2024 жылы Вьетнамның Дананг қаласында өткен еді. Сол кезде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте сегізінші орын алды. Команда қоржынына жалғыз жүлдені Мария Севостьянова салды — ол 57 келіге дейінгі салмақта күміс медаль иеленді.

Моңғолиядағы Азия чемпионаты G4 санатына жатады. Турнир қатысушылары 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына жолдама беру рейтингі үшін маңызды ұпайларды сарапқа салады.