Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: СДР

Фото: СДР

Қазақстан құрамасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан ересектер арасындағы таеквондодан Азия чемпионатындағы алғашқы медаліне қол жеткізді.

54 келіге дейінгі салмақта Еркебұлан Еңсегенов турнирдің қола жүлдегері атанды. Жартылай финалда қазақстандық спортшы иорданиялық Джаафар әл-Даудқа 1:2 есебімен жол берді.

Турнир барысында Еңсегенов Қытай мен Филиппин өкілдерінен басым түсті. Қазақстандық таеквондошы үшін бұл ересектер арасында Азия чемпионатындағы дебюті болды.

Моңғолиядағы турнир G4 санатына жатады. Жарысқа қатысушылар 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктейтін рейтингтік ұпайларды сарапқа салуда.

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды – sport-hub