Қазақстандық таеквондошы Азия чемпионатында тәжік спортшысына жол берді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: SportFokus

Фото: SportFokus

Қазақстан таеквондо құрамасының өкілі Жавохирхон Исламов Ұлан-Батырда өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы айналымында жеңіліс тапты.

58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте қазақстандық спортшы Тәжікстан өкілі Лоикжони Шухрадзодаға 0:2 есебімен жеол берді.

Еске салайық, қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының еншісінде бір медаль бар. 54 келіге дейінгі салмақта Еркебұлан Еңсегенов қола жүлде еншіледі.

Таеквондодан Азия чемпионаты мамырдың 19 мен 25-і аралығында Моңғолия астанасы Ұлан-Батырдағы M Bank Arena кешенінде өтіп жатыр.