Азамат Бақытов UFC BJJ-де дебюттік айқас алдында көз арбасу рәсімін өткіздіАзамат Бақытов UFC BJJ-де дебюттік айқас алдында көз арбасу рәсімін өткізді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: спортшының жеке мұрағатынан

Фото: спортшының жеке мұрағатынан

Қазақстандық файтер Азамат Бақытов Лас-Вегаста өтетін UFC BJJ 8 турнирі қарсаңында аустралиялық Томас Дэвидпен көз арбасу рәсіміне қатысты.

Жекпе-жек 22 мамыр күні өтеді және екі спортшы үшін де UFC BJJ лигасындағы дебюттік белдесу болмақ.

Бақытов орта салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Турнир қарсаңында қазақстандық спортшы мен оның қарсыласы ресми көз арбасу рәсімінде бетпе-бет кездесті.

UFC BJJ — UFC ұйымының сабмишн-грэпплинг бағытындағы еншілес жобасы. Лига 2025 жылдың маусым айында өз жұмысын бастады.

Азамат Бақытов UFC BJJ ұйымымен келісімшартқа отырған Қазақстан мен ТМД елдерінен шыққан алғашқы спортшы атанды. Аралас жекпе-жекте жеңіліс жәмін татпаған қазақстандық файтердің рекорды — 9 жеңістен тұрады. Сондай-ақ ол Nomad Wrestling турнирінде екі мәрте жеңімпаз атанған.