«Фенербахче» Роберт Левандовскиге келісімшарт ұсынды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: «Барселона» ФК

Фото: «Барселона» ФК

Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски мансабын Түркияның «Фенербахче» клубында жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы Meczyki хабарлады.

Клуб президенттігіне үміткер Хакан Сафи 37 жастағы шабуылшыға жылына бонустарды қосқанда шамамен 20 миллион еуро жалақысы бар келісімшарт ұсынды. Әзірге футболшы Түркиялық тараптың ұсынысына нақты жауап берген жоқ.

«Фенербахче» клубының жаңа президентін сайлау маусым айының алғашқы аптасында өтеді. Левандовскиді қатарға қосу мүмкіндігі Сафи сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтарының бірі саналады.

Мамыр айында поляк шабуылшысы келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін «Барселонадан» кететінін мәлімдеген еді. Өткен маусымда Роберт 46 матчқа қатысып, 19 гол соқты және төрт нәтижелі пас берді.