Басты бет
·
Футбол

Фермин Лопестің дублі «Барселонаға» «Атлетиконы» жеңуге көмектесті

Каирбек Тулегенов ··
«Барселона» ФК

«Барселона» ФК

«Барселона» Испания чемпионатының 12-турында мадридтік «Атлетиконы» сырт алаңда жеңді.

Мадридтегі кездесу каталониялық клубтың пайдасына 2:1 есебімен аяқталды.

Матчтың 10-минутында Джулиано Симеоне есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды. Алайда бірінші таймның соңында Фермин Лопес таразы басын теңестірді.

66-минутта Лопес екінші голын соғып, дубль авторы атанды. Осылайша «Барселона» жеңісті жұлып алды.

Испания чемпионаты. 2026/2027 жылғы маусым. 12-тур

«Атлетико» – «Барселона» – 1:2

Голдар: Симеоне, 10 (1:0), Лопес, 45 (1:1), 66 (1:2).

Осы жеңістен кейін «Барселона» 33 ұпай жинап, турнир кестесіндегі көшбасшылығын нығайтты. Каталониялықтар екінші орында тұрған мадридтік «Реалдан» үш ұпайға озып келеді.

Ал «Атлетико» 28 ұпаймен үшінші орында орналасқан.

Келесі турда «Барселона» 22 қарашада өз алаңында «Вильярреалды» қабылдайды. Ал «Атлетико» 23 қарашада сырт алаңда «Хетафемен» кездеседі.