Ферран Торрес ПСЖ-ға ауысуға келісім берді

«Барселона» ФК
«Барселонаның» вингері Ферран Торрес ПСЖ клубына ауысуға келісім берді. Жақын күндері француз клубы каталониялық ұжыммен ресми келіссөздерді бастамақ.
Sport.es мәліметінше, 26 жастағы испаниялық футболшы ПСЖ-ға ауысуды мақұлдап, париждік клуб басшылығына мансабын Парижде жалғастыруға дайын екенін жеткізген.
ПСЖ-ның бас бапкері Луис Энрике футболшыны өз қатарына қосуды қалайды және онымен бірнеше рет сөйлескен. Енді париждіктер «Барселонаға» ресми ұсыныс жолдап, ойыншы 12 тамызда жаттығуға оралғанға дейін трансферді аяқтауға тырысады.
Торрестің каталониялық клубпен келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Өткен маусымда Ферран барлық турнирде 47 матч өткізіп, 21 гол соғып, үш нәтижелі пас берген. Сондай-ақ Испания құрамасы сапында 2026 жылғы әлем чемпионы атанып, финалда Аргентина қақпасына жеңіс голын соқты (1:0).