ФИФА нәсілшілдікке тап болған Оңтүстік Кореялық блогерді ӘЧ матчының көрермені болуға шақырды

Темирлан Мажекенов ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) «Ino Cat» деген атпен танымал Оңтүстік Кореялық блогер Юн Су Джинді 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Оңтүстік Корея мен Мексика құрамалары арасындағы матчқа шақырды.

Шақыруға себеп болған жағдай Оңтүстік Корея – Чехия (2:1) ойыны кезінде болған оқиға. Ino Cat трибунадан видео түсіріп тұрған кезде, оның артында отырған жанкүйерлердің бірі нәсілшілдік ишара жасап, көзін қысып көрсеткен.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Мексика және Канадада өтуде. Турнир 11 маусымда басталып, 19 шілдеде аяқталады.