Филиппо Ганна «Джиро д’Италия»-2026 жарысының 10-кезеңінде рекордтық жылдамдықпен жеңіске жетті

Фото: LaPresse
Италиялық велошабандоз Филиппо Ганна «Джиро д’Италия»-2026 жарысының 10-кезеңінде жеңіске жетті. Ол ұзындығы 42 шақырым болатын жекелей жарыста топ жарды.
Ганна қашықтықты 45 минут 53,87 секундта жүріп өтіп, сағатына орта есеппен 54,905 шақырым жылдамдық көрсетті. Бұл нәтиже 40 шақырымнан асатын жекелеген жарыстар арасындағы Гранд-турлар тарихында ең жоғары жылдамдық ретінде тіркелді.
Бұған дейінгі рекорд Дэвид Милларға тиесілі еді. Ол 2003 жылғы «Тур де Франста» 49 шақырымдық жарысты сағатына орташа есеппен 54,351 шақырым жылдамдықпен аяқтаған еді.
29 жастағы Филиппо Ганна үшін бұл «Джиро д’Италияда» қатысқан жекелеген жарыстардағы жетінші жеңіс болды. Осы көрсеткіш бойынша ол Эдди Меркспен теңесті. Ал италиялық Гранд-турдағы уақытқа жарыстарда ең көп жеңіске жеткен велошабандоз — Франческо Мозер. Оның еншісінде 12 жеңіс бар.