Франция мен Ирак арасындағы әлем чемпионаты матчы кейінге қалуы мүмкін

Темирлан Мажекенов ··
ФИФА

ФИФА

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының I тобындағы Франция мен Ирак құрамалары арасындағы екінші тур матчы ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылуы немесе уақытша тоқтатылуы мүмкін.

RMC Sport мәліметінше, ойын өтетін күні Филадельфия қаласында найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады деп болжануда. Бұл жағдай кездесудің уақытында басталуына немесе толық өтуіне кедергі келтіруі ықтимал.

Франция мен Ирак арасындағы матч 23 маусым күні Филадельфиядағы Lincoln Financial Field стадионында өтеді деп жоспарланған. Кездесу Астана уақытымен сағат 02:00-де басталуы тиіс.

Бірінші турда Франция құрамасы Сенегалды 3:1 есебімен жеңсе, Ирак Норвегиядан 1:4 есебімен жеңілген болатын.

Үшінші турда Франция Норвегиямен 27 маусымда кездеседі. Ал Ирак құрамасы 26 маусым күні Сенегалға қарсы ойнайды.

Айта кетейік, мұндай жағдай АҚШ-та өткен клубтар арасындағы 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатында да тіркелген. Сол кезде «Челси» мен «Бенфика» арасындағы 1/16 финал матчы найзағай салдарынан екі сағатқа жуық тоқтатылып, жалпы ұзақтығы төрт сағат 38 минутқа созылған еді.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 12 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтуде.