Франция – Швеция: 2026 жылғы ӘЧ матчына тікелей трансляция

Фото: ФИФА
Франция құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Швеция командасына қарсы матч өткізеді.
1/16 финалдағы кездесу 1 шілде күні АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласындағы «Метлайф» стадионында өтеді. Матч Қазақстан уақыты бойынша 02:00-де басталады.
Қазақстандық жанкүйерлер бұл матчты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады. Сондай-ақ кездесудің ең қызықты сәттерін Sport-hub.kz Telegram-арнасынан live режимінде бақылауға болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Франция құрамасы I тобында 9 ұпай жинап, плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты. Ал Швеция құрамасы 4 ұпаймен F тобында үшінші орын алып, 1/16 финалға жолдама алды.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтуде және 19 шілдеде аяқталады. Турнир тарихында алғаш рет оған 48 ұлттық құрама қатысып жатыр.