Франция – Ирак матчы әлем чемпионаты тарихына енді

ФИФА
2026 жылғы әлем чемпионатының екінші турында Франция мен Ирак құрамалары арасындағы кездесу әлем чемпионаттары тарихындағы ең ұзақ матч ретінде тіркелді.
Кездесудің бірінші таймы аяқталар тұста нөсер жаңбыр мен найзағайға байланысты ойын тоқтатылды. АҚШ-тың жергілікті ережесіне сәйкес, найзағайдың соңғы жарқылынан кейін кемінде 30 минут өтпейінше футболшылар алаңға шыға алмайды. Осыған байланысты матч шамамен екі сағатқа үзіліп, жалпы ұзақтығы төрт сағатқа жуықтады.
Екі тур қорытындысы бойынша Франция мен Норвегия 6 ұпайдан жинап, мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне жолдама алды. Қосымша көрсеткіштер бойынша француздар І тобында көш бастап тұр.
Ал Сенегал мен Ирак құрамалары әзірге ұпай еншілей алмай, келесі кезеңге шығу мүмкіндігін теориялық тұрғыда ғана сақтап қалды.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 19 шілдеде аяқталады.