Норвегия Сенегалды жеңіп, плей-оффқа жолдама алды

Бегасыл Амирбай ··
ФИФА

ФИФА

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші турда Норвегия құрамасы Сенегалды 3:2 есебімен жеңді.

Есепті 43-минутта Маркус Педерсен ашты. Екінші таймның басында Эрлинг Холанд Мартин Эдегордың пасынан кейін гол соғып, норвегиялықтардың басымдығын арттырды.

53-минутта Исмаила Сарр есеп айырмасын қысқартты. Алайда бес минуттан соң Холанд дубль авторы атанды. Ойынның негізгі уақытына қосылған минутта Сарр тағы бір мәрте мергендік танытып, матч нүктесін қойды – 3:2.

Екі турдан кейін Норвегия 6 ұпай жинап, І тобында екінші орында тұр. Олар доп айырмасы бойынша ғана Францияға жол беруде. Ал Сенегал әзірге ұпай еншілей алмай, келесі кезеңге шығу мүмкіндігін теориялық тұрғыда ғана сақтап қалды.

Топтық кезеңнің соңғы турында 27 маусым күні Норвегия Франциямен кездессе, Сенегал Ирак құрамасына қарсы ойнайды.

Норвегия Сенегалды жеңіп, плей-оффқа жолдама алды – sport-hub