Басты бет
·
Теннис

Фрэнсис Тиафо жарақатына байланысты турнирден бас тартты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: US Open

Фото: US Open

Америкалық теннисші Фрэнсис Тиафо аяғындағы жарақатына байланысты Францияның Лион қаласында өтетін ATP-250 турниріне қатыспайды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, оның орнына әлемнің жетінші ракеткасы Флавио Коболли қатысады. Итальяндық теннисші жарыстың бірінші нөмірлі ойыншысы атанады.

Бұған дейін Тиафо Шанхайда өткен ATP-1000 турнирінде испаниялық Алехандро Давидович-Фокинаға үш сетте есе жіберген болатын. Кездесу 6:7 (4:7), 6:4, 6:7 (6:8) есебімен аяқталды.

Қазіргі уақытта америкалық теннисші ATP чемпиондық жарысында алтыншы орында тұр. Ол Туринде өтетін маусымның қорытынды турниріне жолдама алу үшін күресін жалғастырып жатыр.

Лиондағы ATP-250 турнирі 19-25 қазан аралығында қатты жабынды корттарда өтеді. Жарысқа Лоренцо Музетти, Томми Пол, Гаэль Монфис және Стэн Вавринка да қатысады.