Басты бет
·
Теннис

Бублик әлемнің екінші ракеткасына есе жіберді

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Шанхайдағы «Мастерс» турнирінің 1/8 финалында жеңіліп қалды.

Отандасымыз келесі кезеңге жолдама үшін әлемдік рейтингтің екінші сатысында тұрған германиялық Александр Зверевпен кездесті.

Тартысты өткен матчта теннисшілер үш сет ойнап, екі партияда тай-брейкке дейін жетті. Бублик қарсыласына лайықты қарсылық көрсеткенімен, шешуші сәттерде Зверев басым түсті.

Кездесу 2 сағат 41 минутқа созылды. Нәтижесінде германиялық теннисші 7:6 (8:6), 4:6, 7:6 (7:1) есебімен жеңіске жетті.

Шанхай. ATP. 1/8 финал

Александр Зверев (Германия) – Александр Бублик (Қазақстан) – 7:6 (8:6), 4:6, 7:6 (7:1).

Айта кетейік, матч алдында Зверев ATP рейтингінде екінші, ал Бублик 22-орында тұрған еді. Осылайша, қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдегі өнерін аяқтады.