Басты бет
·
Теннис

Елена Остапенко Уханьдағы турнирде Дарья Касаткинаны ойсырата жеңді

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Латвиялық теннисші Елена Остапенко Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің екінші айналымына жолдама алды.

Әлемдік рейтингте 34-орында тұрған Остапенко алғашқы кездесуде австралиялық Дарья Касаткинамен ойнап, 6:1, 6:1 есебімен жеңіске жетті. WTA рейтингінде 82-сатыда тұрған теннисшіге қарсы матч небәрі 59 минутқа созылды.

Ухань. WTA-1000. 1/32 финал

Елена Остапенко (Латвия) – Дарья Касаткина (Австралия) – 6:1, 6:1.

Бұл жеңістен кейін Остапенконың Касаткинамен жеке кездесулердегі есебі 6:2-ге жетті. Латвиялық теннисші бұған дейін 2024 жылдың қаңтарында Аделаидадағы WTA-500 турнирінің финалында да қарсыласынан басым түскен.

Енді Остапенко Уханьдағы жарыстың келесі кезеңінде америкалық Джессика Пегуламен кездеседі. Ол турнирде екінші нөмірмен белгіленген.