Шнайдер мен Путинцева Уханьдағы WTA-1000 турнирінің екінші айналымында кездеседі

Фото: Jimmie48
Ресейлік теннисші Диана Шнайдер Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің екінші айналымына шықты. Ол алғашқы кездесуде Ұлыбритания өкілі Кэти Бултерді жеңді.
13 қазанда өткен матч 1 сағат 29 минутқа созылып, ресейлік спортшының 6:3, 6:1 есебімен жеңісімен аяқталды.
Шнайдер бір эйс жасап, төрт рет қос қателік жіберді. Сондай-ақ 16 брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдаланды. Ал Бултер эйс жасай алмады, төрт рет қос қателік жіберіп, қарсыласының доп беруіндегі бес мүмкіндіктің екеуін пайдаланды.
Екінші айналымда Диана Шнайдер қазақстандық Юлия Путинцевамен кездеседі. Қазақстандық теннисші бұған дейін түркиялық Зейнеп Сёнмезді 6:7 (1:7), 6:3, 7:5 есебімен жеңген болатын.
Шнайдер мен Путинцева бұған дейін 2025 жылдың қаңтарында Аделаидадағы WTA-500 турнирінің ширек финалында кездескен. Сол жолы Юлия 7:6 (7:3), 6:7 (9:11), 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Уханьдағы WTA-1000 турнирі 12-18 қазан аралығында ашық хард корттарында өтеді. Жарыстың жүлде қоры төрт миллион доллардан асады. Жекелей сындағы қазіргі чемпион — америкалық Кори Гауфф.