Александр Шевченко Қытайдағы турнирде жарыс көшбасшысын жеңді

Фото: Getty Images
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Қытайдың Цзинань қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің екінші айналымына жолдама алды.
Әлемдік рейтингте 111-орында тұрған отандасымыз алғашқы кезеңде сербиялық Миомир Кецмановичпен кездесіп, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Матч 64 минутқа созылды.
Қытай. Jinan Challenger. 1/16 финал
Александр Шевченко (Қазақстан) – Миомир Кецманович (Сербия) – 6:3, 6:4.
Осылайша, қазақстандық теннисші турнирдің бірінші нөмірлі спортшысын жарыстан шығарды.
Енді Шевченко келесі кезеңде әлемдік рейтингте 260-орында тұрған жапониялық Джей Дилан Хара Френдпен кездеседі.