Бөлісу

Фото: ФК «Бетис»
«Бетис» Ла Лиганың бірінші туры аясындағы кейінге шегерілген матчта «Валенсияны» жеңді. «Месталья» стадионында өткен кездесу қонақтардың 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды.
Матчтағы жалғыз гол 83-минутта соғылды. Шабуылшы Пабло Гарсия 79-минутта Пабло Форнальстың орнына алаңға шыққан. Арада төрт минут өткенде ол командасына үш ұпай сыйлаған голды соқты. Екі матчтан кейін «Бетистің» еншісінде алты ұпай бар. Ал «Валенсия» бір ұпай ғана жинады.
«Бетис» келесі матчын 29 тамызда сырт алаңда «Левантеге» қарсы өткізеді. Ал «Валенсия» 30 тамызда қонақта «Депортивомен» кездеседі.