Гауфф Рыбакинамен өтетін матч туралы пікір білдірді

Фото: Jimmie48
Әлемнің төртінші ракеткасы Кори Гауфф US Open-2026 турнирінің жартылай финалында қазақстандық Елена Рыбакинаға қарсы өтетін матч туралы пікір білдірді.
Америкалық теннисші қарсыласының мықты ойынына тоқталып, Торонто қаласында өткен жуырдағы кездесуін еске алды.
«Елена керемет теннис көрсетіп жүр. Оның әлемнің бірінші ракеткасы атанғанын немесе жақын арада бұл атаққа ие болатынын құттықтаймын. Меніңше, бұл – керемет жетістік. Біз Торонтода ойнадық, ол кезде мен жақсы өнер көрсете алмадым. Сондықтан сол матчтан тиісті қорытынды шығаруым керек. Оның бірнеше эйс жасап, бірнеше виннер орындайтынын білемін. Бірақ мен күресуді жалғастырып, бар күшімді саламын. Менің қолымнан келетіні – осы», – деп Гауффтың сөзін Punto de Break келтіреді.
Рыбакина мен Гауфф бұған дейін екі рет кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен. 2022 жылы Торонтода өткен турнирде америкалық теннисші басым түсті. Ал биыл тамыз айында қазақстандық спортшы сол жарыстың жартылай финалында реванш алды.
Еске салайық, Рыбакина қытайлық Чжэн Циньвэньді 3:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңгеннен кейін әлемдік рейтингте бірінші орынға шығатынына кепілдік берді. Ол WTA рейтингінің тарихындағы 30-шы бірінші ракетка және бұл позицияға көтерілген алғашқы қазақстандық теннисші атанады.
Гауфф – Рыбакина матчының жеңімпазы финалда Арина Соболенко немесе Джессика Пегуламен кездеседі.