Гейенің дублі «Вильярреалға» маусымдағы алғашқы жеңісін сыйлады

«Вильярреал»
Пап Гейенің екі голы «Вильярреалдың» Испания Ла Лигасының алтыншы турында «Малаганы» 3:1 есебімен жеңуіне көмектесті.
12-минутта Хуан Крустың пасынан кейін алаң иелері ұйымдастырған қарсы шабуылды Карлос Дотор нәтижелі аяқтап, «Малаганы» алға шығарды. 40-минутта Илиас Ахомаштың пасын пайдаланған Альберто Молейро есепті теңестірді.
37-минутта жарақат алған Санти Комесаньяның орнына Пап Гейе алаңға шықты. Бірінші таймға қосылған минуттарда сенегалдық жартылай қорғаушы есепті 2:1 етіп, командасын алға шығарды.
82-минутта Карлос Ромеро «Малаганың» қақпасына доп енгізгенімен, гол офсайдқа байланысты есепке алынбады. Эпизодты қайта қарағаннан кейін төреші бұған дейінгі шабуыл кезінде қақпашы Альфонсо Эррероның Карлос Масияға жасаған ережебұзушылығы үшін пенальти белгіледі. 86-минутта Гейе 11 метрлік айып добын дәл орындап, дублін рәсімдеді.
«Вильярреал» чемпионаттағы алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, ұпай санын 5-ке жеткізді. Сегіз жыл үзілістен кейін жоғарғы дивизионға оралған «Малага» 3 ұпаймен қалды және әзірге бірде-бір матчта жеңіске жеткен жоқ.
Келесі турда 20 қыркүйекте «Малага» сырт алаңда «Хетафемен» кездеседі. Ал «Вильярреал» өз алаңында «Левантені» қабылдайды.