«Бетис» Ла Лигада жеңіске жетіп, екінші орынға көтерілді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: ФК «Бетис»

Фото: ФК «Бетис»

«Бетис» Испания чемпионатының бесінші турында «Вильярреалды» 2:1 есебімен жеңіп, камбэк жасады.

Алаң иелері 29-минутта Жерар Мореноның голының арқасында есеп ашты. 39-минутта Кучо Эрнандес таразы басын теңестірсе, араға төрт минут салып қорғаушы Натан «Бетиске» жеңіс сыйлаған голды соқты. Үш голдың барлығы бірінші таймда тіркелді.

Севильялық команда 12 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Ал «Вильярреалдың» еншісінде екі ұпай бар және команда 18-орында тұр. Бұл клубтың соңғы 17 жылдағы чемпионаттағы ең нашар бастамасы болды.

Келесі турда «Вильярреал» 17 қыркүйекте сырт алаңда «Малагамен» кездессе, «Бетис» 18 қыркүйекте өз алаңында «Хетафені» қабылдайды.