«Интер» Серия А-да «Удинезеге» қарсы матчта камбэк жасады

Фото: ФК «Интер»
«Интер» Италия чемпионатының төртінші турында «Удинезені» 5:3 есебімен жеңіп, камбэк жасады.
Қонақтар матчты екі жылдам голмен бастады. 9-минутта Джеймс Абанква есеп ашса, араға жеті минут салып Юрген Эккеленкамп «Удинезенің» басымдығын еселеді. Миландықтар үзіліске дейін есепті теңестіріп үлгерді: 26-минутта Карлос Аугусто гол соқса, 35-минутта Николо Барелла таразы басын теңестірді.
Екінші таймда Маркус Тюрам «Интерді» алға шығарды. Кейін Франческо Пио Эспозито мен Анж-Йоан Бонни есепті 5:2-ге жеткізді. Ал ойынның негізгі уақытына қосылған минуттарда қонақтар шабуылшысы Индисса Гейе соңғы нәтижені белгіледі.
Кристиан Киву шәкірттері Серия А-дағы маусымның алғашқы төрт матчының барлығында жеңіске жетіп, бұл кездесулерде 13 гол соқты. «Интер» 12 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында тұр. Миландықтар көш бастап тұрған «Ромадан» қосымша көрсеткіштер бойынша ғана қалып келеді. Ал төрт ұпайы бар «Удинезе» 13-орында орналасқан.
Келесі турда «Интер» 19 қыркүйекте сырт алаңда «Ромамен» кездеседі. Сол күні «Удинезе» өз алаңында «Кальяриді» қабылдайды.