«Генк» академиясында 17 жастағы қазақстандық гол соқты

Aibar Rysdaulet··
Фото: ФК Генк

Фото: ФК Генк

17 жастағы қазақстандық вингер Шахмурат Дәулетов Бельгияның төртінші дивизионында өнер көрсететін «Бохолтқа» қарсы «Генктің» жасөспірімдер командасы өткізген жолдастық кездесуде жарқырай көрінді.

Дәулетов матчты негізгі құрамда бастап, алаңда 60 минут өткізді. Осы уақыт аралығында академия тәрбиеленушісі екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Қазақстандық футболшы үшін бұл Бельгия клубына бейімделу жолындағы кезекті қадам болды. Бұған дейін Дәулетов «Антальяспор» сапында өнер көрсеткен.

Еске салайық, қазір 17 жастағы футболшы Бельгияның екінші дивизионында 11-орында тұрған «Йонг Генк» құрамына қосылуға дайындалып жатыр. Команда ойыншыларының орташа жасы — 23,1 жас.