Генри Сехудо 35 секундта Двалишвилиді жеңіп, RAF чемпионы атанды

Aibar Rysdaulet··
Фото: RAF

Фото: RAF

Америкалық Генри Сехудо Кливлендте өткен Real American Freestyle 12 турнирінің басты жекпе-жегінде грузиялық Мераб Двалишвилиді мерзімінен бұрын жеңіп, RAF Crossover чемпионы атанды.

Жеңіл салмақта өткен кездесуде чемпиондық белбеу сарапқа салынды. Сехудоға жеңіске жету үшін небәрі 35 секунд қажет болды. Ол қарсыласын осы уақыт ішінде тоқтатып, RAF лигасының жаңа чемпионы атанды.

Осылайша, америкалық балуан Двалишвилиден алғашқы кездесудегі жеңілісі үшін реванш алды. Екеуінің RAF-тағы алғашқы жекпе-жегі 11 шілдеде Тбилисиде өткен RAF Georgia турнирінде ұйымдастырылып, грузиялық спортшының төрешілер шешімімен жеңісімен аяқталған еді.

Бұл жеңіс Сехудоға Двалишвилимен RAF-тағы өзара кездесулердегі есепті теңестіруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар америкалық балуан чемпиондық белбеуге ие болып, лигадағы басты жүлдеге қол жеткізді.

Генри Сехудо Мераб Двалишвилиді 35 секундта жеңіп, RAF титулын иеленді – sport-hub