Германия 2026 жылғы әлем чемпионатына арналған құрамын жариялады

Темирлан Мажекенов ··
Фото: Alexander Hassenstein / Staff / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

Фото: Alexander Hassenstein / Staff / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

Мюнхендік «Баварияның» қақпашысы Мануэль Нойер Германия құрамасына қайта оралып, ӘЧ-2026 турниріне арналған ойыншылар тізіміне енді.

40 жастағы қақпашы ұлттық құрама сапындағы соңғы матчын 2024 жылдың шілде айында Испанияға қарсы (1:2) Еуро-2024 ширек финалында өткізген еді.

Жалпы Германия құрамасының әлем чемпионатына арналған тізіміне 26 футболшы енді.

Қақпашылар: Мануэль Нойер («Бавария»), Александр Нюбель («Штутгарт»), Оливер Бауманн («Хоффенхайм»).

Қорғаушылар: Вальдемар Антон («Боруссия» Дортмунд), Нико Шлоттербек («Боруссия» Дортмунд), Йозуа Киммих («Бавария»), Джонатан Та («Бавария»), Давид Раум («Лейпциг»), Антонио Рюдигер («Реал», Испания), Натаниэль Браун («Айнтрахт»), Малик Тиав («Ньюкасл», Англия).

Жартылай қорғаушылар: Леон Горецка («Бавария»), Александар Павлович («Бавария»), Леннарт Карл («Бавария»), Джейми Левелинг («Штутгарт»), Ангело Штиллер («Штутгарт»), Флориан Виртц («Ливерпуль», Англия), Феликс Нмеча («Боруссия» Дортмунд), Надием Амири («Майнц»), Лерой Сане («Галатасарай», Түркия), Паскаль Грос («Брайтон», Англия).

Шабуылшылар: Кай Хаверц («Арсенал», Англия), Денис Ундав («Штутгарт»), Джамал Мусиала («Бавария»), Максимилиан Байер («Боруссия» Дортмунд), Ник Вольтемаде («Ньюкасл», Англия).

Германия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатында Е тобында ойнайды. Юлиан Нагельсманн шәкірттері топтық кезеңде Кюрасао (14 маусым), Кот-д’Ивуар (20 маусым) және Эквадор (25 маусым) құрамаларына қарсы ойнайды.

Еске салайық, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді.