Қазақстан U-19 құрамасының Еуропа чемпионатының іріктеуіне арналған құрамы белгілі болды

Темирлан Мажекенов ··
Фото: ҚФФ ресми сайты

Фото: ҚФФ ресми сайты

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2025/26 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеуінің А лигасындағы 6-шы топта өнер көрсетеді.

ҚФФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, топтық кезең матчтары Грекияның Салоники қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын 3 маусым күні Португалия құрамасына қарсы өткізеді. Екінші турда, 6 маусым күні біздің команда Сербиямен кездеседі. Ал 9 маусымға жоспарланған соңғы матчта шағын бәсекенің қожайыны — Грекия құрамасына қарсы бақ сынайды.

Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасына шақырылған ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Никита Килджиев («Шахтёр»), Камиль Гайнуллин, Данила Буч (екеуі де — «Қайрат»).

Қорғаушылар: Санат Нұрболат, Райымбек Кенесбеков, Абдулазиз Мамедов, Алан Аракельянц, Әкежан Қалиқұлов (барлығы — «Қайрат»), Шыңғыс Қалиев («Леванте», Испания), Данил Соболев, Хасен Артурұлы (екеуі де — «Тараз»), Әлихан Жексенбек («Астана»).

Жартылай қорғаушылар: Нұрхан Қағазбаев, Даниял Назаров (екеуі де — «Шахтёр»), Төре Исмағұлов, Аламгир Смақов, Алиден Мұсайыпов, Евгений Петрик (барлығы — «Қайрат»), Арафат Молдағалиев («Тұран»).

Шабуылшылар: Абылай Төлеухан, Исмаил Бекболат, Дәулет Орынбасар, Ермұхаммад Керімхан (барлығы — «Қайрат»), Виталий Латурнус («Ақтөбе»), Дінмұхамед Махмудов («Академия Оңтүстік»), Алдияр Нұрғали («Леванте», Испания).