Германия алғаш рет әлем чемпионаттары тарихында пенальти сериясында жеңілді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: DFB / Sportfoto

Фото: DFB / Sportfoto

Германия құрамасы әлем чемпионаттары тарихында алғаш рет пенальти сериясында жеңіліп қалды. Олар турнирдің 1/16 финалында Парагвайға жол берді.

Матчтың негізгі және қосымша уақыты 1:1 есебімен аяқталды, ал пенальти сериясында парагвайлықтар 4:3 есебімен басым түсті.

Осыған дейін Германия құрамасы әлем чемпионаттарындағы барлық пенальти серияларында жеңіске жетіп келген. Немістер Францияны (ЧМ-1982), Мексиканы (ЧМ-1986), Англияны (ЧМ-1990) және Аргентинаны (ЧМ-2006) ұтқан болатын.

Айта кетейік, 1/8 финалда Парагвай құрамасы Франция мен Швеция арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.