Нагельсманн Парагвайдан жеңілудің себебін атады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

Германия құрамасының бас бапкері Юлиан Нагельсманн 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Парагвайдан жеңілген матчқа қатысты пікір білдірді.

Кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Ал пенальти сериясында Парагвай футболшылары 4:3 есебімен дәлдік танытты.

«Біз ұзақ уақыт бойы қапталдар арқылы ойынды дұрыс жолға қоя алмадық. Матч барысында шабуылды үдетуге тырыстық, соның нәтижесінде айып алаңында көбірек қауіпті сәттер жасай бастадық. Бірақ бізге өткірлік жетіспеді. Біздің голымыз есепке алынбағаны күлкілі, алайда бұл бәрібір жеткіліксіз болғанын мойындау керек.

Мен қатты көңілім қалды, өйткені біз өте ұйымшыл команда деп ойлаймын. Жаттығулардағы әсер әрдайым жақсы болатын. Ешкім әдейі нашар ойнамайды. Стадионда және үйде отырған барлық жанкүйерлер үшін өкінішті», – деп Нагельсманнның сөзін Bulinews келтіреді.

Еске сала кетейік, Германия құрамасы Е тобында 6 ұпаймен бірінші орын алды. Ал Парагвай 4 ұпай жинап, D тобынан үшінші орынмен плей-офф кезеңіне өтті. 1/8 финалда оңтүстікамерикалықтар Франция мен Швеция арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.