Германия құрамасының қорғаушысы Шлоттербек әлем чемпионатының қалған бөлігін өткізіп алады

ФИФА
26 жастағы Германия құрамасының қорғаушысы Нико Шлоттербек 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты турнирінің қалған матчтарына қатыса алмайды. Ол жарақатты Кот-д’Ивуар құрамасына қарсы кездесуде (2:1) алған.
Bild басылымының мәліметінше, футболшы қосымша медициналық тексеруден өткен. Нәтижесінде оның тізесінің медиалдық байламының жыртылғаны анықталған. Дәрігерлер оның толық қалпына келетініне сенімді болғанымен, Шлоттербек әлем чемпионатының қалған бөлігін өткізіп жібереді.
Еске салайық, Кот-д’Ивуарға қарсы өткен ӘЧ топтық кезеңінің екінші турындағы матчта Шлоттербек 13-минутта жарақат алған. Соған қарамастан, ауырсынуды басатын дәрілердің көмегімен бірінші таймның соңына дейін ойнады. Үзілістен кейін оның орнына Антонио Рюдигер шықты.
Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші турда Германия ұлттық құрамасы 25 маусым күні Эквадор ұлттық құрамасымен кездеседі.