Испания құрамасының қорғаушысы әлем чемпионатындағы ең дәл пас иесі атанды

Темирлан Мажекенов ··
Испания құрамасының қорғаушысы әлем чемпионатындағы ең дәл пас иесі атанды

Испания құрамасының 19 жастағы қорғаушысы Пау Кубарси 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде пас дәлдігі бойынша көш бастады.

SofaScore статистикасына сәйкес, Сауд Арабиясына қарсы матчта (4:0) Кубарси 99 пастың 98-ін дәл орындап, 99 пайыздық көрсеткішке қол жеткізді. Испаниялық футболшы кездесуді толық өткізіп, 90 минут бойы алаңда болды.

Бұған дейін Кабо-Верде құрамасына қарсы ойында Кубарси 109 пастың 107-сін дәл жеткізген еді.

Осылайша, әлем чемпионатындағы алғашқы екі матч қорытындысы бойынша қорғаушының пас дәлдігі 98,55 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткіш қазіргі турнирде кемінде 50 пас орындаған барлық футболшылар арасындағы ең жоғары нәтиже саналады.

Айта кетейік, топтық кезеңнің үшінші турында Испания құрамасы 27 маусым күні Уругваймен кездеседі.