Ғұсман Қырғызбаев ел қоржынына алғашқы медальды салды

ХОК
Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Қытайдың Циндао қаласында өткен Гран-при турнирінде күміс жүлде алып, ел қоржынына алғашқы медальды салды.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері екі дүркін Олимпиада чемпионы әрі төрт дүркін әлем чемпионы жапониялық Хифуми Абэмен кездесті. Шешуші белдесуде жапон спортшысы жеңіске жетіп, ал қазақстандық балуан күміс жүлдегер атанды.
Финалға дейінгі жолда Қырғызбаев төрт қарсыласын жеңді. Ол моңғолиялық Турболд Түмурхуды, черногориялық Джусуф Нурковичті, әзербайжандық Руслан Пашаевты және бразилиялық Рональд Лиманы ұтып, финалға жолдама алды.
Гран-при жарысының алғашқы күні ерлер арасында 60 және 66 келі салмақ дәрежелерінде, сондай-ақ әйелдер арасында 48, 52 және 57 келіде жүлделер сарапқа салынды.
Сонымен қатар, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов екі жыл үзілістен кейін алғаш рет ресми жарысқа қатысып, турнирді бесінші орынмен аяқтады.