Елдос Сметов дзюдодан Гран-при турнирінде қола жүлдеге таласуды жалғастырып жатыр

Бегасыл Амирбай ··
Фото: IJF

Фото: IJF

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан дзюдодан Гран-при кезеңінде қола медаль үшін күресті жалғастыруда.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жұбаныш белдесуінің алғашқы кездесуінде олимпиада чемпионы Өзбекстан өкілі Самариддин Кучкаровты жеңді.

Қола жүлде үшін плей-офф финалына шығу үшін қазақстандық спортшы ресейлік Аюб Блиевпен кездеседі. Бұған дейін Блиев негізгі турнирдің жартылай финалында жапониялық Хаято Кондодан жеңілген болатын.

Айта кетейік, Циндаодағы Гран-при олимпиадалық іріктеу үшін ұпай берілетін рейтингтік турнир. Жарыс 26–28 маусым аралығында өтеді. Қазақстан құрамасынан 19 спортшы қатысуда.

Елдос Сметов дзюдодан Гран-при турнирінде қола жүлдеге таласуды жалғастырып жатыр – sport-hub