Сметов Қытайдағы Гран-при турнирінің ширек финалына шықты

Бегасыл Амирбай ··
Фото: IJF

Фото: IJF

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан дзюдодан Гран-при кезеңінің ширек финалына жолдама алды.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда Олимпиада чемпионы Әзербайжан өкілі Балабай Ағаевты жеңді. Жартылай финалға шығу үшін Сметов француз спортшысы Энцо Жанмен кездеседі.

Айта кетейік, Циндаодағы Гран-при олимпиадалық іріктеу ұпайларын беретін рейтингтік турнир. Елдос Сметов үшін бұл жарыс 2024 жылғы Олимпиададағы жеңісінен кейінгі алғашқы халықаралық бәсеке.

Еске салайық, турнир 26–28 маусым аралығында Қытайда өтуде. Бұл додада Қазақстан құрамасы сапынан 19 спортшы қатысады.