Ғұсман Қырғызбаев Қытайдағы Гран-при турнирінің екінші кезеңіне өтті
Бөлісу

Фото: IJF
Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан дзюдо бойынша Гран-при кезеңінің 1/16 финалына жолдама алды.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері алғашқы белдесуінде Моңғолия өкілі Турболд Тумурхууны жеңді.
Келесі айналымда қазақстандық спортшы Черногориялық дзюдошы Юсуф Нурковичпен кездеседі.
Айта кетейік, Циндаодағы турнир олимпиадалық іріктеу ұпайлары берілетін рейтингтік жарыс.
Еске салайық, дзюдодан Циндао Гран-приі 26–28 маусым аралығында өтуде. Қазақстан құрамасынан бұл турнирге 19 спортшы қатысуда.